Фернандо Торрес футболдағы мансабын аяқтады

Фернандо Торрес футболдағы мансабын аяқтады

Жапонияның "Саган Тосу" клубының шабуылшысы Фернандо Торрес футболдағы мансабын аяқтады.

Бұл туралы футболшы твиттер әлеуметтік желісінде мәлімдеді. "18 жылдан соң футболдағы мансабымды аяқтайтын уақыт келді", – деп жазды ол. 23 маусым күні "Саган Тосу" клубында жанкүйерлермен қоштасу рәсімі болып өтеді. 35 жастағы ойыншы осыған дейін "Атлетико", "Ливерпуль", "Челси" және "Милан" сынды топ-клубтарда доп тепкен.

Айта кетейік, Фернандо Торрес 2018 жылы жазда "Саган Тосу" клубына ауысып, жалпы 7 рет алаңға шыққан. Бірақ бірде бір рет сұрмергендігімен көзге түсе алмаған. Испаниялық ойыншы ұлттық құрамамен бірге екі рет Еуропа чемпионатын (2008, 2012 ж.ж), бір рет әлем чемпионатының (2010 ж) жеңімпазы атанған. Сонымен бірге, ол Чемпиондар лигасын (2011/12 ж) және Еуропа лигасын (2012/13, 2017/18 ж.ж) ұтқан.


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар