Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Қазақстандықтар триатлоннан Азия біріншілігінде алтын және қола жүлде жеңіп алды

Қазақстандықтар триатлоннан Азия біріншілігінде алтын және қола жүлде жеңіп алды

Қазақстандықтар триатлоннан Азия біріншілігінде алтын және қола жүлде жеңіп алды

Кенджуда триатлоннан Азия біріншілігінің екінші сайыс күні аяқталды. Бұл күні Elite және U23 санаттарындағы Қытай, Сингапур, Сирия, Непал, Монғолия, Жапония, Тайпей, Гонконг, Филиппин, Оңтүстік Корея, Макао, Иран және Малайзия секілді Азия құрлығының 14 елінен келген 69 ер спортшы сынға түсті. Құрлықтық біріншіліктің ең мықты спортшысы "стандартты" қашықтықта – 1500 м жүзу, 40 км велокезеі және 10 км жүгіруде анықталды.

23 жасқа дейінгі спортшылар санатында еліміздің намысын Дарын Қонысбаев, Меирлан Искаков пен Семен Пивоваров қорғады. Мұнда да барлық бапкерлердің назары Семен Пивоваровта болды. Семен Чэндуда өткен әлем кубогінің кезеңінде көрсеткен ерлігін бұл жолы да қайталады. Ол дистанция бойында Дарынға көмектесіп, жалпы командалық жетістік үшін жұмыс істеді. Семен Пивоваровтың жеке ерлігінің әрі команданың бірлігінің арқасында бүгінгі үлкен жетістікке қол жеткіздік. Нәтижесінде Дарын Қонысбаев спорт тарихымыздағы U23 санатында алғаш алтынды жеңіп алса, Меирлан Искаков қола иегері атанды.

Elite санатындағы ерлер арасында сынға түскен Аян Бейсенбаев пен Темірлан Теміров болса 6-шы және 7-ші болып мәреге жетті.

Ертең 22 маусымда U15 және аралас эстафеталық командалар арасында өнер көрсететін қазақстандық екі команда мен Александр Тен, Александр Молчанов, Максим Шмуличтер үшін тақым қысатын боламыз.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Аслан Қажиев
Қосылған күні: 21 маусым, 12:55

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.