Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Қазақстан триатлон федерациясы Азия құрлығындағы өз қызметін жандандыра түсті

Қазақстан триатлон федерациясы Азия құрлығындағы өз қызметін жандандыра түсті

Қазақстан триатлон федерациясы Азия құрлығындағы өз қызметін жандандыра түсті

Бүгін Оңтүстік Кореяның Кенджу қаласында Азия Триатлон Конфедерациясының (ASTC) құрамына кіретін 35 ұлттық триатлон федерацияларының қатысуымен жыл сайынғы ASTC Конгресі өтті, - деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Конгресс кезінде ASTC 2018 жылға атқар жұмыстары қорытындыланды. Сонымен қатар, халықаралық органның Атқарушы кеңесі мен өзге комитеттеріне сайлау өтті. Әрбір ұлттық федерация өз үміткерлерін сайлауға шығарды.

Сайлау нәтижесінде Орта Азия Триатлон Ассоциациясының (САТА) басшысы, Қазақстандық Триатлон Федерациясының вице-президенті, Almaty Triathlon Federation басшысы Ғалымжан Есенов ASTC Атқарушы кеңесіне дауыс құқығымен сайланды. Осылайша, Ғалымжан Есенов қазақстандық триатлон мүдделерін қорғап қана қоймай, ASTC қызметіне қатысты маңызды сұрақтарды шешуде тікелей үлесін тигізіп отыратын болады.

Сонымен қатар, ҚТФ бас хатшысы Максим Крят ASTC бапкерлер комитетіне (Coaching Committee), ҚТФ жауапты хатшысы Айнагүл Такеева ASTC Аудит комитетіне (Audit Committee), ҚТФ маркетинг бойынша директоры Ақмарал Еспенбетова Өсу комитетіне (Promotion Committee), ал ҚТФ SMM менеджері Айдана Кребаева Ақпарат комитетіне (Information Committee) мүше болып сайланды.

Бұдан былай Қазақстан Триатлон Федерациясы тек ел аумағында ғана емес, бүкіл Азия құрлығында өз жұмысын дамыта түседі деп сенімді айта аламыз.

Айта кетейік, триатлоннын ұлттық ұүрама команда мүшелері Оңтүстік Корей триатлон федерациясының шақыруымен Кенджуда оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Олар осы демалыстарда олимпиадалық квалификация аясындағы маңызды ұпайлар ойнатылатын "Gyeongju ASTC Triathlon Asian Championships" атты Азия чемпионатында бақ сынайтын болады.

Фото: triathlon.org.kz
Қосылған күні: 20 маусым, 15:22

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.