"Қайсар" мен "Атырау" финалда ойнайды

"Қайсар" мен "Атырау" финалда ойнайды

Футболдан биылғы ҚР кубогы финалына шыққан командалар анықталды. Жартылай финалда жеңіске жеткен "Қайсар" (Қызылорда) мен "Атырау" (Атырау) финалда кездеседі.

Ел кубогының жартылай финалы екі ойын нәтижесі бойынша өтті. "Қайсар" бірінші ойында "Тобылға" 1:0 есебімен ұтылғанмен, өз алаңындағы қарымта ойында есе қайтарды. Қостанайдан келген қарсыластарын 3:1 есебімен ұтты. Нәтижесінде екі ойын қорытындысы бойынша қызылордалық команда финалға өтті.

Жартылай финалдағы екінші ойын "Атырау" мен "Ордабасы" клубтары арасында өтті. Бұл ойында гол соғылмады. Ал Шымкентте өткен бірінші ойында командалар 1:1 есебімен тең тарқасқан. Футбол ережесіне сәйкес "Атырау" түзде соққан голының "салмағы" бойынша басым шығып, финалға жолдама алды. Команда үшінші жыл қатарынан ел кубогының финалына шығып отыр.

Ө. Сансызбай