Жас боксшыларымыз Венгрияда 7 алтын медаль жеңіп алды

Жас боксшыларымыз Венгрияда 7 алтын медаль жеңіп алды

Венгрияның Эгер қаласында бокстан жастар мен жасөспірімдер арасында Гергей Борнемисса атындағы халықаралық турнир өз мәресіне жетті. Қазақстаннан барған жас боксшылар 14 медаль жеңіп алды. Оның тең жартысы - алтын.

Биыл 69-шы рет ұйымдастырылған турнирге 22 елден 300-ге жуық боксшы қатысты. Жас қазақ боксшылары қарсыластарына мықтылықтарын мойындатып, 7 алтын, 5 күміс, 2 қола медаль жеңіп алды.

Гергей Борнемисса - мажар елінің халық батыры. 1526-1555 жылдар аралығында өмір сүрген.


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар