Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / ШҚО-да қазақша күрестен халықаралық турнир өтті

ШҚО-да қазақша күрестен халықаралық турнир өтті

ШҚО-да қазақша күрестен халықаралық турнир өтті

Тарбағатай ауданында Ырғызбай Досыханұлы атындағы қазақ күресінен өткен әлемдік гран-при сайысында қазақстандық Айбек Нұғымаров топ жарды. Бір апта бұрын ғана Нұр-Cұлтан қаласында өткен “Қазақстан Барысы” жарысында оза шапқан балуан бұл жолы да тұғырдың ең биік сатысынан көрінді.

Әлемнің  28 елінен келген апайтөс палуандар арасында ақтық сында Айбекпен өзбекстандық  Мұқсин Хисамединов айқасқан болатын. Жалпы финалдық кездесу Айбекке оңай тиген жоқ. Белдесу аяқталғаннан кейін Айбек  өз ойымен бөлісті.

“Қазақстан Барысы” турнирінен кейін демалып үлгерген жоқпын. Түрлі басқосуларға, телеарнадағы түсірілімдерге қатысып, шаршағанымды байқадым. Біздің өңірде өтіп жатқан жарыс болған соң, ұйымдастырушылар қолқа салды. Бас тарта алмадым, елімнің намысын абыроймен қорғағаныма қуаныштымын. Маған қолдау білдірген Ақсуат жұртшылығына рахмет. “Тұғыры биік-Тарбағатай” атты өнер және спорт фестивалін өткізіп жатқан Талғат Мазбаев, Дулат Тастекеев ағаларыма алғыс білдіремін”,- деді А.Нұғымаров.

Турнирдің 70, +80 келі салмақтарында Тәжікстан, Грузия елдерінен келген балуандар жеңіске жетті. Жеңімпазға ұйымдастырушылар 2 млн теңге, екінші орынға 1 млн, үшінші орын алған спортшыға 500 мың теңге табыстады. Спортшыларды атақты боксшы Қанат Ислам, ақын Жүрсін Ерман, Ақсуат ауылының құрметті азаматы Тұрсын Тастекеевтер марапаттады.

Қазақ күресі турнирі аяқталғаннан кейін Qazaq Promotions компаниясының ұйымдастыруымен кәсіпқой бокс кеші өтті. Қазақстандық Елдияр Қамшыбеков, Нұрлан Сапарбай, Нұрсұлтан Аманжолов секілді қазақ боксшылары шаршы алаңға шығып, жиналған жұртшылықтың делебесін қоздырды.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Massaget
Қосылған күні: 16 маусым, 20:33

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.