Сағадат Рахманқұлов кезекті кездесуінде жеңіске жетті

Сағадат Рахманқұлов кезекті кездесуінде жеңіске жетті

Жартылай орта салмақтағы қазақстандық кәсіпқой боксшы – Сағадат Рахманқұлов Мексикада жергілікті Даниэль Армандо Валенсуэлаға қарсы өткізген кездесуінде жеңіске жетті. Алты раундқа жоспарланған кездесу уақытынан бұрын, қазақстандық спортшының пайдасына бесінші раундта аяқталды.

Бұл Рахманқұловтың Мексикадағы алғашқы жекпе-жегі. Мұның алдында ол АҚШ-та жұдырықтасқан. Кәсіби деңгейдегі жалғыз жеңілісті қараша айында пуэрториколық Никлаус Фластан тапқан.

Қазақстандықтың мүддесін танымал Василий Ломаченко мен Теренс Кроуфорд сияқты жұлдыздармен жұмыс істейтін Top Rank пен Боб Арум промоутерлік компаниясы қорғайды.

Сағадаттың жеңісін қазақстандық боксшы Мадияр Әшкеев өзінің Instagram парақшасына жүктеп, әріптесін және қазақ елін кезекті жеңіспен құттықтады.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Коронавирус жұқтырғанда не істеу керек? – Профессорға сұрақ
Коронавирус жұқтырғанда не істеу керек? – Профессорға сұрақ
Chevrolet Malibu – әдемі дизайн мен қуатты қозғалтқыштың үйлесімі
Chevrolet Malibu – әдемі дизайн мен қуатты қозғалтқыштың үйлесімі
Коронавирусты "өлтіретін" тағамдар
Коронавирусты "өлтіретін" тағамдар
Асылан ТІЛЕГЕН. Жұмбақ қалалар
Асылан ТІЛЕГЕН. Жұмбақ қалалар
Өмірде жоқ жануардың суретімен өзіңізді таныңыз
Өмірде жоқ жануардың суретімен өзіңізді таныңыз
Үкімет шектеу шараларын 2 тамызға дейін ұзартты
Үкімет шектеу шараларын 2 тамызға дейін ұзартты