Asian Grand Prix Series. Қазақстандық жеңіл атлеттер 6 медаль жеңіп алды

Asian Grand Prix Series. Қазақстандық жеңіл атлеттер 6 медаль жеңіп алды
Фото: olympic.kz

Қытайдың Чунцинь қаласында Asian Grand Prix Series халықаралық жеңіл атлетика турнирінің бірінші кезеңі аяқталды. Аталған жарыста қазақстандық спортшылар алты медаль жеңіп алды деп хабарлайды ҚР ҰОК ресми сайты.

100 метрге жүгіру жарысында Ольга Сафронова мәреге бірінші болып келді. Иван Иванов ядро лақтыру сайысында жеңімпаз атанса, 400 метрге жүгіруде Михаил Литвин, 800 метрге жүгіруде Маргарита Мукашева бірінші орын иеленді.

Надежда Дубовицкая биіктікке секіруден күміс медаль иегері атанса, Рима Кашафутдинова, Элина Михина, Ольга Сафронова және Светлана Голендовалар 4*100 эстафетасында үздік үштікті қорытындылады. 

Осылайша қазақстандық спортшылар төрт алтын, бір күміс және бір қола медаль иеленді.

Ө. Сансызбай