"Реал" шабуылшы сатып алды

Нұржамал Үсенова Корреспондент
"Реал" шабуылшы сатып алды
Фото ©️ Reuters©

Мадридтің "Реал" футбол клубы Сербия құрамасының шабуылшысы Лука Йовичті сатып алды. Бұл туралы корольдік клубтың ресми сайты хабарлады.

БӨЛІСУ

Клуб пен футболшы арасындағы келісімшарт пен трансфер құны жарияланған жоқ. Кей бейресми деректер бойынша, мадридтік команда "Айнтрахтқа" 65-70 миллион еуро төлеуі мүмкін.

Аяқталған маусымда Лука Йович бундеслигада 17 гол соқты. Үздік сұрмергендер тізімінде үштікке енді. Ал Еуропа лигасында 11 ойында 10 гол соғып көзге түсті.

21 жастағы футболшы неміс командасына Пртугалияның "Бенфика" командасынан ауысып келген. Оған дейін "Црвена Звездада" ойнады. Сербия ұлттық құрамасы сапында 4 ойынға қатысты.

Лука Йович - Зиннедин Зидан "Реал" тізгінін қайта ұстағаннан кейін сатып алған екінші ойыншы. Наурыз айында мадридтік клуб Бразилия құрамасының қорғаушысы Милитаоны "Портудан" сатып алған болатын.