Қазақстандық спортшы қыз 4 жылға жарыстардан шеттетілді

О Сансызбай Корреспондент
Қазақстандық спортшы қыз 4 жылға жарыстардан шеттетілді
Фото ©️ Tengrinews

Көркем гимнастикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, 2017 Азия чемпионы және 2015 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері Селина Жұматаева допинг қолданғаны үшін 4 жылға жарыстардан шеттетілді.

БӨЛІСУ

Қазақстанның Ұлттық допингке қарсы орталығының сайтында сараптамаларында тыйым салынған субстанциялардың анықталғаны үшін жарыстан шеттетілген спортшылардың тізімі жаңартылды.

Селина тапсырған сынамадан тыйым салынған фуросемид перпараты табылған. Спортшы 2022 жылдың 15 тамызына дейін жарыстарға қатыстырылмайды. Қазіргі таңда ол "Жұлдыз" жеке мектебінде жаттықтырушылық қызметпен айналысады. 

Ұлттық Олимпиада комитеті допингті қолдану мәселелерінде қатаң саясатты ұстанады және халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) мен Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік (WADA) "таза" спортшыларды қорғау жөніндегі бастамаларына толық қолдау көрсетеді.