GGG, алға! Флешмобқа бұл жолы кімдер атсалысты?

GGG, алға!  Флешмобқа бұл жолы кімдер атсалысты?
Фото: www.independent.co.uk

Әлеуметтік желідегі Геннадий Головкинді қолдау мақсатында ұйымдастырылған флешмоб әлі де жалғасуда деп хабарлайды Tengrinews.kz. Осы жолы боксшыны креативті арт студия "АртБота" өз шығармашылығымен қолдады. Құмды шоуда Геннадийдің жеңісін бейнелейді. Алдымен видео рингті, кейін боксышының соққысы мен жеңісі көрсетіледі.

Флешмобқа кішкентай бүлдіршіндер де атсалысуда. "GGG, біз сенімен біргеміз!"дейді боксшы қолғабын киген кішкентай балақай. Ал, кадр сыртындағы дауыс:  "Біздің чемпион қайта оралды. Ол ешқайда кетпеді. Ол күштірек бола түсті. Головкин - біздің мақтанышымыз, біздің үмітіміз," дейді.


Осы уақытқа дейін флешмобқа әнші Беркут пен Аиша, "Мисс Қазақстан 2019" Мадина Батық та қосылған болатын. Видеоларды әлеуметтік желіге #GGGалға, #GGGalga, #GGGbizbirgemyz, #GGGмывместе хэштегтері арқылы жүктеуге болады.

28 мамырда ERG коампаниясының қарағандылық кеншілері GGG құрметіне ауқымды флешмоб бастап берді. Видеоға 300 жұмыскер қатысқан. Кен орнындағы 900 шаршы метр ауданға 12 тонна жарылғыш зат орнатылып, үлкен жарылыс ұйымдастырылған. 

Головкиннің келесі жекпе жегі 8 маусымда (Қазақстан уақыты бойынша 9 маусым) Нью-Йоркте, Madison Square Garden аренасында өтеді. Қарсыласы — канадалық Стив Роллс.

Т. Есқали