AVANGAR әлем рейтингінде төмендеді

AVANGAR әлем рейтингінде төмендеді
Фото: hltv.org

CS:GO ойынынан HLTV әлемдік рейтингі жаңарды. Қазақстандық AVANGAR киберспорт ұжымы үздік 15 команданың қатарындағы орнын сақтап қалды.

Алғашқы үштікте өзгеріс болды. Көш басында 1000 ұпай жинаған Astralis жайғасса, Team Liquid екінші сатыда қалды. Ал ENCE командасы бір сатыға көтеріліп, Na`Vi ұжымын үздіктер қатарынан шығарып тастады. Ал қазақстандық AVANGAR командасы 186 ұпаймен бір сатыға төмендеп, 14-орынға тұрақтады. 

AVANGAR - 2016 жылы Қазақстанда құрылған бұл ұйымда танымал Counter-Strike:Global Offensive және PlayerUnknown's Battleground ойындарынан сынға түсетін командалар бар. CS:GO ойыны бойынша командада төрт қазақстандық ойыншы өнер көрсетеді. Атап айтқанда: Тимур Төлепов, Айдын Тұрлыбеков, Алексей Голубев және Бектияр Бақытов. Ал команданың капитаны - ресейлік ойыншы Али Джами.

А. Рысдәулет