"Барыс" клубы қатарын канадалық хоккейші толықтырды

"Барыс" клубы қатарын канадалық хоккейші толықтырды
Фото: Photo file

"Барыс" хоккей клубының қатарын канадалық шабуылшы Корбэн Найт толықтырды. Елордалық команда ойыншымен 2020 жылдың 30 сәуіріне дейін келісімшарт жасасқан.

Хоккейші соңғы 3 жылда Ұлттық хоккей лигасындағы (NHL) "Филадельфия Флайерс" командасы құрамында ойнады. Сондай-ақ команданың екінші дәрежелі "Лихай Вэлли Фантомс" сапында да мұз айдынға шығып жүрді.

"Барыстың" жаңа ойыншысы ҰХЛ-да жалпы есебі 52 ойын өткізіп, 12 ұпай жиған.

Корбэн Найт "Филадельфиядан өзге ҰХЛ-да "Калгари Флэймс" (Calgary Flames) және "Флорида Пантерс" (Florida Panthers) клубтарында да ойнаған.

"Барыс" осыған дейін қатарларына үш бірдей ойыншы қосқан болатын. Никита Клещенко мен Леонид Метальниковті таңдап алған. Сондай-ақ Финляндия құрамасының шабуылшысы Ииро Пакаринен де келесі маусымда елордалық команда құрамында ойнайды.

Ө. Сансызбай