Билек Бельгия және Сан-Мариноға қарсы ойнайтын футболшылар тізімін жариялады

Билек Бельгия және Сан-Мариноға қарсы ойнайтын футболшылар тізімін жариялады
Фото: kff.kz

Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Михал Билек 2020 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде Бельгия және Сан-Мариномен өтетін ойындарға шақырылған футболшылардың тізімін жариялады.

Тізімге 24 футболшы енді:

Қақпашылар: Стас Покатилов ("Қайрат"), Дмитро Непогодов ("Ордабасы"), Игорь Щацкий ("Шахтер");

Қорғаушылар: Абзал Бейсебеков, Юрий Логвиненко, Дмитрий Шомко (барлығы - "Астана"), Ғафуржан Сүйімбаев, Ян Вороговский (екеуі де – "Қайрат"), Александр Марочкин ("Қайсар"), Темірлан Ерланов, Сергей Малый (екеуі де - "Ордабасы"), Олжас Керімжанов ("Жетісу");

Жартылай қорғаушылар: Юрий Перцух ("Астана"), Бауыржан Исламхан, Исламбек Куат, Георгий Жуков (барлығы - "Қайрат"), Асхат Тағыберген ("Қайсар"), Александр Меркель ("Хераклес", Голландия), Максим Федин, Азат Нұрғалиев (екеуі де - "Тобыл"), Бактиер Зайнутдинов ("Ростов", Ресей);

Шабуылшылар: Бауыржан Тұрысбек ("Тобыл"), Абат Айымбетов ("Ақтөбе"), Тоқтар Жаңғылышбай ("Ордабасы"); 

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 8 маусым күні сырт алаңда Бельгиямен ойнайды. Араға үш күн сала "Астана Аренада" Сан-Мариномен" кездеседі.

Бельгия FIFA рейтингінде көш бастап тұрған құрама. Ал Сан-Марино болса бұл рейтингті түйіндеп тұрған команда (211-орын). Қазақстан құрамасы болса бұл рейтингте 116-орында келеді.

Ө. Сансызбай