Даниярдың кәсіпқой бокстағы жетінші жеңісі

Даниярдың кәсіпқой бокстағы жетінші жеңісі
Фото: Matchroom Boxing

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов Оксон-Хиллде (АҚШ, Мэриленд штаты) өткен бокс кешінде чилилік Луис Норамбуэнаны жеңді. Нәтижесінде мансабындағы жетінші жеңісіне қол жеткізді.

Жартылай орта салмақта өткен жекпе-жек жоспарланған 6 раундқа созылды. Төрешілер бағасы бойынша 60-54, 60-54 және 59-55 есебімен отандасымыз жеңіске жетті.

Қазақстандық боксшы кәсіпқой бокстағы жолын 2018 жылдың сәуір айында бастады. Одан бергі аралықта 7 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетіп келеді. Үш кездесуінде қарсыласын уақытынан бұрын жеңіп шықты. 

Н. Үсенова