Месси алтыншы рет "Алтын бутсыны" иеленді

Месси алтыншы рет "Алтын бутсыны" иеленді
Фото: fcbarcelona.com

"Барселона" футбол клубының шабуылшысы Лионель Месси 2018/2019 жылғы маусым қорытындысы бойынша "Алтын бутсы" марапатына ие болды.

Аргентиналық футболшы осы маусымдағы Испания ла лигасында 34 ойынға шығып, 36 гол соққан. 13 нәтижелі пас берген. Нәтижесінде 72 ұпаймен Еуропа чемпионаттарындағы ең үздік сұрмерген атанды.

Месси "Алтын бутсы" марапатын алтыншы рет иеленіп, өз рекорд жаңартты. Ол 2010, 2012, 2013, 2017 және 2018 жылдары да үздік атанған болатын.

Мессиден кейінгі орынға "ПСЖ" ойыншысы Килиан Мбаппе  орналасқан. Ол Франция чемпионатында 33 гол соққан. Үшінші орында – Фабио Квальярелла (26 гол).

Айта кетейік, Еуропаның үздік бес чемпионатында (Англия, Германия, Испания, Италия, Франция) гол соққан ойыншыларға 2 ұпайдан берілсе, өзге елдердің чемпионатындағы ойыншылар деңгейіне қарай 2-ден төмен ұпай көрсеткішімен бағаланады.

2018/2019 жылғы маусымдағы үздік сұрмергендер:

1. Лионель Месси ("Барселона"): 36 гол (x2,0) / 72 ұпай;
2. Килиан Мбаппе (ПСЖ): 33 гола(x2,0) / 66 ұпай;
3. Фабио Квальярелла ("Сампдория"): 26 гол (x2,0) / 52 ұапй;
4. Мбайе Дьян ("Галатасарай"): 30 гол (x1,5) / 45 ұпай;
5-11. Мохамед Салах ("Ливерпуль"): 22 гол (x2,0) / 44 ұпай;
5-11. Роберт Левандовски ("Бавария"): 22 гол (x2,0) / 44 ұпай;
5-11. Николя Пепе ("Лилль"): 22 гол (x2,0) / 44 ұпай;
5-11. Дуван Сапата ("Аталанта"): 22 гол (x2,0) / 44 ұпай;
5-11. Пьер-Эмерик Обамеянг ("Арсенал"): 22 гол (x2,0) / 44 ұпай;
5-11. Садио Мане ("Ливерпуль"): 22 гол (x2,0) / 44 ұпай;
5-11. Кшиштоф Пентек ("Милан"): 22 гол (x2,0) / 44 ұпай.

Н. Үсенова