Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Хоккейден 2020 жылғы әлем чемпионатына қатысатын барлық құрама белгілі болды

Хоккейден 2020 жылғы әлем чемпионатына қатысатын барлық құрама белгілі болды

Хоккейден 2020 жылғы әлем чемпионатына қатысатын барлық құрама белгілі болды

Хоккейден 2020 жылғы әлем чемпионатының элиталық дивизионында бақ сынайтын барлық құрама белгілі болды.

Элиталық дивизионға алғаш болып жарыс иесі ретінде Швейцария құрамасы шыққан. Одан кейін Қазақстан құрамасы жолдама алды. Отандастарымыз Нұр-Сұлтанда өткен бірінші дивизиондағы әлем чемпионатында топ жарған еді. Сондай-ақ осы жарыста екінші орын алған Беларусь құрамасы да элиталық топта ойнайды.

Биылғы элиталық дивизиондағы жарыс қорытындысы бойынша Ұлыбритания, Германия, Дания, Италия, Канада, Латвия, Норвегия, Ресей, Словакия, АҚШ, Финляндия, Чехия және Швеция құрамалары өз орындарын сақтап қалды. Франция мен Австрия құрамалары бірінші дивизионға түсті.

Айта кетейік, 2020 жылғы элиталық дивизиондағы әлем чемпионаты 8-24 мамыр аралығында Швейцарияның Цюрих және Лозанна қалаларында өтеді. Халықаралық хоккей федерациясы (IIHF) топтағы құрамаларды Словакиядағы әлем чемпионаты аяқталғаннан кейін жариялайды.

2020 жылғы әлем чемпионатында Беларусь және Латвия құрамалары сәтсіз ойнаса да, элиталық топта қалады. Себебі 2021 жылғы әлем чемпионаты осы екі елде өтеді.

Фото: ХК "Барыс"
Қосылған күні: 21 мамыр, 11:07

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.