Манчестерде бұйырғаны бір қола болды

Манчестерде бұйырғаны бір қола болды
Фото: olympic.kz

Ұлыбританияның Манчестер қаласында таеквондодан әлем чемпионаты аяқталды. Қазақстан ұлттық құрамасы бір қола медаль ғана еншіледі.

Төрткүл дүниенің кіл мықты спортшылары жиналған бәсекеге қазақ елінің атынан 15 таеквондошы қатысты. Қоржынға түскен қола медальды 74 кило салмақта Қайрат Сарымсақов жеңіп алды.

Қазақстандық спортшы жартылай финалға дейін Косова, Жапония, Португалия, Австралия спортшыларын ұтты. Финалға бір қадам қалғанда Рио Олимпиадасының чемпионы иорданиялық Ахмад Абугауштан (Рио олимпиадасының чемпионы) 3:8 есебімен жеңілді. Нәтижесінде әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Қайрат Сарымсақов осыдан екі жыл бұрын Муджуда (Оңтүстік Корея) өткен әлем чемпионатында да қола жүлде еншілеген спортшы.

Қазақстандық спортшылардың нәтижелері:

3-орын – Қайрат Сарымсақов (74 кило)
5-орын – Смайыл Дүйсебай (87 кило)
9-орын – Руслан Жапаров (+87 кило)
9-орын – Эльдар Бірімбай (63 кило)
9-орын – Елдос Ысқақ (68 кило)
10-орын – Нұрсұлтан Мамаев (68 кило)
12-орын – Жансель Дениз (73 кило)
17-орын – Нұрлан Мырзабаев (80 кило)
19-орын – Фариза Алдоңғарова (53 кило)
25-орын – Фатима Жақсыбаева (62 кило)
25-орын – Мереке Жүнісова (+73 кило)
28-орын – Темірхан Самат (54 кило)
37-орын – Ақсәуле Ерқасымова (67 кило)
38-орын – Ботагөз Қапанова (57 кило)
38-орын – Айнұр Уашбай (46 кило)

Ө. Сансызбай