Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Шымкентте алғаш рет триатлоннан Азия кубогі өтеді

Шымкентте алғаш рет триатлоннан Азия кубогі өтеді

Шымкентте алғаш рет триатлоннан Азия кубогі өтеді

25-26 мамырда Шымкент алғаш рет "Shymkent ASTC Triathlon Asian Cup" атты Азия кубогін қабылдайтын болады, - деп ҚР триатлон федерациясы.

Shymkent ASTC Triathlon Asian Cup – құрамына 35 ел кіретін Азиялық Триатлон Конфедерациясының бастамасымен кәсіби спортшылар арасында триатлоннан өткізілетін құрлықтық турнир.

Жарысты Шымкент қаласының әкімдігі, "СПК Шымкент" АҚ, Қазақстан Респбликасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті, "Самрұқ-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ, Шымкент қаласының триатлон федерациясы, Қазақстандық Триатлон Федерациясы ұйымдастыруда.

Жарыстың басты мақсаты - Қазақстанда триатлон мен салауатты өмір салтын дамыту, қазақстандық спортшылардың, бапкерлер мен төрешілердің шеберлік деңгейі мен біліктілігін арттыру және жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан спортшыларды анықтау.

"Стандартты" қашықтықтағы жарыс үш кезеңнен құралатын болады:

1500 м жүзу + 40 км веложарыс + 10 км жүгіру. Азия кубогына 130-ға жуық кәсіби спортшы қатысады деп күтілуде. Жарыстың бас төрешісі - Сергей Геннадьевич Кобзев.

Азия кубогымен қатар триатлоннан "TEMIRADAM" Кубогінің ІІІ кезеңі кезеңі өтеді.  Бұл – қалың бұқара арасында салауатты өмір салты мен триатлонды насихаттау мақсатында Age Group (әуесқойлар) санатындағы спортшылар арасында триатлон бойынша өткізілетін ұлттық турнирдің кезеңі.

Бұл жарыста "стандартты" қашықтықтағы жарыс үш кезеңнен құралады. 1500 м жүзу, 40 шақырымдық веложарыс және 10 шақырымға жүгіру. 200-ге тарта әуесқой спортшылар қатысады деп күтілуде.

Айта кетейік, триатлон – жүзу, веложарыс және жүгіру секілді жекелеген спорт түрлерінен құралған мультиспортивті циклдық олимпиадалық спорт түрі. Триатлон кезеңдерін спортшылар кезекпен және үзіліссіз бағындырады. Халықаралық деңгейде триатлон Халықаралық Триатлон Одағының (International Triathlon Union) ережелерімен реттеледі.

Фото: olympic.kz, ҚР триатлон федерациясы
Қосылған күні: 15 мамыр, 12:35

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.