Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Таразда триатлоннан ҚР Кубогінің ІІ кезеңі мәресіне жетті

Таразда триатлоннан ҚР Кубогінің ІІ кезеңі мәресіне жетті

Таразда триатлоннан ҚР Кубогінің ІІ кезеңі мәресіне жетті

Өткен демалыстарда Тараз қаласының Зербұлақ су қоймасы жағалауында триатлоннан екі күндік сайыстар өткізілді.

Бірінші күні Elite санатындағы (кәсіпқой) спортшылар арасында триатлоннан ҚР Кубогі ІІ кезеңі мен U23, U19 санатындағы спортшылар арасында ҚР Чемпионаты өтсе, екінші күні әуесқой спортшылар арасында "TEMIRADAM" Кубогінің ІІ кезеңі өткізілді. Додада Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан, Алматы, Түркістан, Қарағанды, Ақмола, Жамбыл, Павлодар және Қостанай облыстарынан келген 68 кәсіпқой және 28 әуесқой спортшылар бақ сынады. Сонымен қатар, бұл жарыстарда Қырғыз Республикасы мен Өзбекстаннан келген спортшылар да сынға түсті.

Тараздың ауа-райы сайысқа бірінші шыққан Elite санатындағы спортшылар сайысының ойдағыдай өтуіне ыңғайласты. Олар "спринт" қашықтығында, яғни 750 м жүзу, 20 км веложарыс пен 5 км жүгіруден тұратын қашықтықта мықтыны анықтады. Ең үздік нәтиже 1 сағат 1 минут 59 секундты көрсеткен Ануар Турубаев (Алматы) абсолютті жеңімпаз атанды.

Екінші орын үшін өткен қызу таласта Кирилл Рожковтың (Алматы) бағы жанды. Ол 1 сағат 2 минут және 47 секунд нәтиже көрсетті. Оған бірнеше секунд қана жеңілген Александр Автушко (Шымкент) үздік үштікті тұйықтады.

Осы санаттағы әйелдер арасында жүлденің барлығын оңтүстік астанамыздан келген спортшы қыздар қанжығасына байлады. 1 сағат 9 минут 43 секунд нәтиже көрсеткерн Дарья Бычкова бірінші орынды иемденді. 1 сағат 10 минут 45 секунд уақыт көрсеткен Юлия Озерова екінші атанса, 1 сағат 11 минут 12 секунд нәтижесімен Газиза Кумакбаева үшінші болды.

Келесі кезекте сөре сызығына біршама жас спортшылар шығып, "супер-спринт" қашықтығында – 300 м жүзу, 8 км велокезең және 2 км жүгіруде мықтыны анықтады. Күшейіп кеткен желге қарамастан, спортшылардың барлығы мәреге сәтті жетті. Elite санатында өзінің қас шебер екендігін Даниил Зубцов (Шымкент) дәлелдеді. Оның уақыты – 27 минут 15 секунд. "Күміс" алқаны 30 минут 13 секунд уақыт көрсеткен Азиз Нұрлан (Шымкент) алды. 30 минут 46 секундта мәреге жеткен Даниил Блок (Ақмола облысы) үшінші орыннан көрінді.

23 жасқа дейінгі спортшылар санатында өз шеберлігін Никита Курганский (Ақмола облысы) паш етті. Уақыты – 27 минут 17 секунд. Оған 11 секунд ұтылған командаласы Владислав Иванов (Ақмола облысы) екінші атанды. 30 минут 4 секунд нәтижесі үшін Владислав Кудин (Шымкент) үшінші орын алды.

Ал осы санаттағы қыздар арасындағы жүлделі орынның барлығын Ақмола облыстық триатлон мектебінің түлектері жеңіп алды. 29 минут 21 секунд нәтижесімен Ашраф Камалова (Ақмола облысы) жеңіс тұғырынан көрінсе, жүлделі екінші орынды Надежда Бекмаганбетова иеленді. Оның уақыты – 30 минут 23 секунд. Мәреге үшінші болып Яна Зимницкая (31 минут 18 секунд) жетті.

19 жасқа дейінгі ең кіші жас санатындағы атлеттер арасында ерекше бәсеке байқалды. Өз қарсыластарының бәрінен озып, бүгінгі жалпы "супер-спринттегі" үздік нәтижені Алихан Абусейт (Шымкент) көрсете білді – 26 минут 52 секунд. Оған 23 секунд жеңілген Ерасыл Аманжолов (Түркістан облысы) екінші атанды. Мәреге 38 секундқа кешіккен Рашид Романчук (Ақмола облысы) "қолаға" лайық деп танылды.

Бұл санаттағы қыздар арасында 30 минут 19 секунд нәтижесімен Наталья Короткова (Ақмола облысы) үздік болып шықты. Оның жерлесі Анастасия Захарова 33 минут 21 секунд уақыт көрсетіп, екінші болды. Қорытынды хаттамадағы үшінші жүлделі орын 35 минут 7 секунд нәтижесі үшін Аружан Аманжоловаға (Түркістан облысы) бұйырды.

Екінші күнгі доданың өз ерекшеліктері болды: бұл - биылғы маусымдағы "триатлоннан" болған алғаш сайыс және онда тек қана ерлер сынға түсті.

Максим Мазур (Алматы) мен Андрей Шарипов (Ташкент) арасында бұл кезеңнің абсолютті жеңімпазы атағы үшін болған талас ерекше болды. Егер жүзу және вело кезеңдерде М.Мазур көш бастаса, жүгіру кезеңінде А. Шарипов есе жібермеді. 1 сағат 3 минут 38 секунд нәтижесімен Андрей Шарипов абсолютті жеңімпаз атанды. Сайыс күнінің екінші нәтижесі Максим Мазурға тиесілі болды – 1 сағат 5 минут 20 секунд.

Абсолюттік есептегі үшінші нәтижені Максим Мжельский (Алматы) көрсетті – 1 сағат 9 минут 28 секунд. Сынға түскен жалғыз эстафеталық "TARAZ" командасы 1 сағат 27 минут 12 секунд уақыт көрсетті. Аталған спортшылардың әрқайсысы өз жас топтарында жүлделі бірінші орындарға ие болғанын атап өткен жөн.

Сайыс нәтижелерімен www.triathlon.org.kz сайтынан таныса аласыздар.

Фото: ҚР триатлон федерациясы
Қосылған күні: 14 мамыр, 12:09

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.