Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Еліміздің үздік киберспортшысы командасымен қош айтысты

Еліміздің үздік киберспортшысы командасымен қош айтысты

Еліміздің үздік киберспортшысы командасымен қош айтысты

Киберспорттан шетелдік командаларында бақ сынап жүрген санаулы қазақстандық ойыншылардың бірі Дәурен AdreN Қыстаубаев Faze Clan командасынан кетті.

Бұл туралы спортшының өзі Twitter парақшасында жазды:

- FaZe командасымен бірге ойнағаныма және жарыстарда жеңімпаз атанғаныма қуаныштымын. Бұл жақсы тәжірибе болды. Бұрыннан еуропалық командада ойнауды қалаған едім, - деді Дәурен Қыстаубаев.

AdreN-нің орнына Virtus.pro командасынан Филип NEO Кубски есімді ойыншы келді. Дәурен Қыстаубаев Faze Clan командасына 2019 жылдың қаңтар айында ауысқан еді. Жаңа командасымен ELEAGUE Invitational 2019 және BLAST Pro Series Miamі турнирлерінде топ жарды. Дәурен Қыстаубаев Faze Clan сапында жаңадан қосылған ойыншы болғанына қарамастан капитан атанған болатын. Алайда өзінің айтуынша ағылшын тілін жетік меңгермеген оған мұндай лауазым қиынға соққан. Командадан кетудің де бір себебі әріптестерімен еркін сөйлесе алмайтынында болып отыр. Енді қазақстандық ойыншы өзі тіл табыса алатын, орыс тілді командаға ауысуды жоспарлап отыр.

Дәурен AdreN Қыстаубаев жанкүйер қауымға Gambit Esports командасының сапында жүргенде танылды. Gambit Esports ұжымымен Польшаның Краков қаласында өткен PGL Major Krakow 2017 әлем біріншілігінде күтпеген жерден CS:GO ойынынан чемпион атанды. Сонымен қатар, Virtus.pro, Astana Dragons, HellRaisers,"dAT Team және HS.GG сияқты командалардың сапында өнер көрсеткен. 

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Айбар Рысдәулет
Фото: hltv.org
Қосылған күні: 14 мамыр, 13:37

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.