Әлемдік жағажай ойындарында Қазақстан алғаш рет жеңіске жетті

Аслан Қажиев Корреспондент
Әлемдік жағажай ойындарында Қазақстан алғаш рет жеңіске жетті
Фото ©️ казинформ

9 мамырдан бастап Испания елінде өтіп жатқан Әлемдік жағажай ойындарында  (World Beach Games) Қазақстан құрамасы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Ұлттық құрама Новегия командасын 5:1 есебімен тізе бүктірген. Бұл жаңалықты Қазақстанның ұлттық олимпиада комитеті хабарлады.

БӨЛІСУ

"Әлемдік жағажай ойындарында Қазақстан командасы бірінші жеңісіне қол жеткізді. Ойынның үшінші күні Қазақстан командасы жағажай футболдан Норвегия командасын жеңді. Ойын 5:1 есебімен аяқталды", деп жазылған комитеттің жеке сайтында.

Алғашқы голды қарсылас команданың (Норвегия) қақпашысы өз қақпасына байқаусызда кіргізіп алған. Бұл голдың артынан қазақстандықтар сериялы 4 голды қақпаға дөп тигізген.

Голдар: Кристофферсен, Тюльпа, Мұралинов (2), Демешко, Сальвесон.