Футболдан ҚР кубогы жартылай финалының жеребесі тартылды

Футболдан ҚР кубогы жартылай финалының жеребесі тартылды

Футболдан ҚР кубогы жартылай финалының жеребесі тартылды. Төрт команда финал жолдамасына таласатын болады.

Жеребе нәтижесі бойынша "Тобыл" "Қайсармен" ойнаса, "Ордабасы" " "Атыраумен" кездесетін болды.

Командалар арасындағы бірінші ойындар 22 мамыр күні өтсе, қарымта кездесулер 19 маусымға жоспарланған.

Айта кетейік, өткен жылы ел кубогын "Қайрат" жеңіп алған болатын. Биыл алматылық команда ширек финалда "Тобылдан" ойсырай ұтылып жарысты аяқтады.

Ө. Сансызбай