Зарина Дияс Жапониядағы ITF турнирінде топ жарды

Зарина Дияс Жапониядағы ITF турнирінде топ жарды
Фото: instagram.com

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Жапонияда өткен ITF санатындағы "Гифу- 2019" халықаралық турнирінде топ жарды.

Финалда отандасымыз қытайлық Тайбэй теннисшісі Ен-Шуо Ляннан басым түсті. Бірінші сетте қарсыласына бірде-бір геймде жеңілген жоқ. Екінші сетті 6:2 есебімен аяқтады.

Бұл Заринаның өз мансабындағы тоғызыншы жеңісі. Жапониядағы жарыс барысында қазақстандық спортшы АҚШ, Қытай, Жапония және Австралия елінің теннисшілерін ұтты. 

Н. Үсенова