Хоккейден Қазақстан құрамасы элиталық дивизионға оралды

Хоккейден Қазақстан құрамасы элиталық дивизионға оралды
Фото: IIHF

Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы әлем чемпионатының элиталық дивизионына қайта шықты. Алдағы екі ойында қарсыластарына есе жіберсе де, екінші орыннан төмен түспейді.

Қазақстандық хоккейшілердің элиталық топқа ерте шығуына Оңтүстік Корея мен Литва құрамалары арасындағы ойын нәтижесі себеп болды. Жолдамадан үмітті болған кәрістер қарсыластарына 2:1 есебімен есе жіберді.

Элиталық кезеңнің екінші жолдамасына Беларусь пен Оңтүстік Корея құрамалары таласады. Көш басында тұрған беларусьтардың мүмкіндігі жоғары. Ал кореялық хоккейшілер екінші жолдаманы иелену үшін Қазақстан құрамасы бүгін Беларусь құрамасын негізгі уақытта ұтуы керек, ал өздері жеке кездесуде басым түсулері тиіс.

Айта кетейік, Қазақстан мен Беларусь құрамалары арасындағы ойын Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 17:30-да басталады.

Ө. Сансызбай