Қазақстандық спортшы қыз Цюрихтегі марафонда үшінші орын алды

О Сансызбай Корреспондент
Қазақстандық спортшы қыз Цюрихтегі марафонда үшінші орын алды
Фото ©️ kazathletics.kz

Қазақстандық спортшы қыз Ақмарал Мейірман Швейцарияның Цюрих қаласында өткен "ZURICH MARATHON CITYRUN" марафонында үшінші орын алды. Ал өз жас шамасы арасында (30-40 жас аралығы) бірінші орынды иеленді.

БӨЛІСУ

Ақмарал Мейірман марафон жолын (42 шақырым, 195 метр) 2 сағат 46 минут 25 секундта жүгіріп өтті. Екінші болып келген швейцариялық Клаудио Берлускониден 10 секундқа ғана қалып қойды. Ал бірінші орынды 2 сағат 42 минут 22 секундта жүгіріп жеткен америкалық Маргун Мелоне жеңіп алды.

Ақмарал Мейірман алғаш рет 2015 жылы "Алматы марафонына" қатысқан. Жарыстың 32 шақырымында аяғын жарақаттаса да, мәре сызығына жеткен. Ол кезде 42 шақырым 195 метрді 6 сағатта жүріп өткен. Осы жарыстан кейін кәсіби түрде айналысуды ойлап, мансабын бастаған. 

34 жастағы спортшы үш баланың анасы. Алғашында күйеуі жүгірумен айналысуына қарсы болғанмен, кейіннен басты қолдаушыларының біріне айналған. Ақмарал қазіргі таңда әлемдегі ең танымал марафондарға қатысып жүр. Өткен жылы Ганновер марафонында екінші орын алған болатын.