Иван Дычко 48 жасқа келген америкалық боксшымен жұдырықтасады

Иван Дычко 48 жасқа келген америкалық боксшымен жұдырықтасады
Фото: bnews.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Иван Дычко (7-0, 7 КО) 10 мамыр күні Голливудтағы Seminole Hard Rock Hotel and Casino кешенінде жекпе-жекке шығады. Отандасымыз 48 жасқа келген америкалық боксшы Рэй Остинмен (29-9-4, 18 КО) жұдырықтасады.

Иван Дычконың қарсыласы кәсіпқой бокстағы мансабын 1998 жылы бастаған. 21 жыл ішінде 42 жекпе-жекке шыққан. Оның 29-да жеңіске жетіп, 9 кездесуінде жеңілген. 4 рет тең түскен.

28 жастағы қазақстандық боксшы кәсіпқой бокстағы мансабын 2017 жылы бастаған. Одан бергі аралықта өткізген 7 жекпе-жегінде де жеңіске жетті. Өткен жылдың шілде айынан бері Иван шаршы алаңға шыққан жоқ.

Айта кетейік, Иван Дычко әуесқой бокста Лондон және Рио Олимпиадаларының қола жүлдегері.

Ө. Сансызбай