Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Қазақстандық 7 боксшы Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Қазақстандық 7 боксшы Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Қазақстандық 7 боксшы Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Бокстан Тайланд елінің астанасы Бангкокта өтіп жатқан Азия чемпионатында ерлер арасында қазақстандық 7 боксшы жартылай финалға шықты.

Бангкокқа аттанған Қазақстан құрамасы сапында 3 боксшы ғана жүлделі орынға ілікпеді. 52 кило салмақта Анвар Музаппаров 1/8 финалда жарақат алып, оған дейін ұпайы саны бойынша қырғыз Азат Үсеналиевке есе жіберді. Ширек финалда дәл осылай Асланбек Шымбергенов (69 кило) те өзбек боксшысы Бобо Усман Ботуровқа жол берді. Әлем чемпионы Қайрат Ералиев үнді боксшысы Кавиндер Сингх Бишттен ұтылды.

Ұлттық құрама сапында жартылай финалға Теміртас Жүсіпов (49 кило), Закир Сафиуллин (60 кило), Санатәлі Төлтаев (64 кило), Тұрсынбай Құлахмет (75 кило), Бек Нұрмағанбет (81 кило), Василий Левит (91 кило) пен Қамшыбек Қоңқабаев (+91 кило) шықты.

Өзбекстан құрамасы сапында жартылай финалға 6 боксшы шықты. Жартылай финалда екі елдің боксшылары кездеспейді. Финалдық жекпе-жектер 26 сәуір күні өтеді.

Қазақстандық боксшылардың жартылай финалдағы қарсыластары:

49 кило. Теміртас Жүсіпов - Дипак (Үндістан)
60 кило. Закир Сафиуллин - Шива Тхапа (Үндістан)
64 кило. Санатәлі Төлтаев - Баходир Усмонов (Тәжікстан)
75 кило. Тұрсынбай Құлахмет - Нурсахат Паззыев (Түрікменстан)
81 кило. Бек Нұрмағанбет - Эркин Адылбек уулу (Қырғызстан)
91 кило. Василий Левит - Ким Хьен Кю (Оңтүстік Корея)
+ 91 кило. Қамшыбек Қоңкабаев - Сатиш Кумар (Үндістан)

0
Рейтинг: +1

Фото: olympic.kz
Қосылған күні: 23 сәуір, 23:35

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.