Балуан Нұрқожа Қайпанов Азия чемпионы атанды

Бүгін Қытайдың Сиянь қаласында күрес түрлерінен Азия чемпионаты басталды. Жарыстың алғашқы күні боз кілемге еркін шеберлері шықты. Қазақ балуандары 1 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Қазақстан күрес федерациясы.  

Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтын медальді 70 кило салмақта күрескен Нұрқожа Қайпанов салды. Іріктеу кезеңінде Ирак, Түркіменстан және Иран балуандарын ұтқан отандасымыз финалда жапониялық балуанды 9:0 есебімен жеңді.

Өкінішке қарай, финалда күш сынасқан 65 кило салмақта Саятбек Окасов үндістандық балуаннан ұтылып, күміс медальді қанағат тұтты.

79 кило салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Ғалымжан Өсербаев қола медаль үшін болған белдесуде жапониялық балуанды жеңіп, Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды. Сондай-ақ, 97 килода Әлішер Ерғали де қырғызстандық балуаннан айласын асырып, қола медальға қол жеткізді.

1-ші күннің нәтижелері

57 кило

1/8 финал - Мейрамбек Қартбай (Қазақстан) – Кумар Рави (Үндістан) – 4:9

65 кило.

1/8 финал - Саятбек Оқасов (Қазақстан) – Хаджы Мохаммад Әли (Бахрейн) – 9:1
1/4 финал - Саятбек Оқасов (Қазақстан) – Ерназар Ахметалиев (Қырғызстан) – 10:0
1/2 финал - Саятбек Оқасов (Қазақстан) – Ханг Сонг Ким (Корея) – 4:4

Финал - Саятбек Оқасов (Қазақстан) – Бажранг (Үндістан) – 7:12

70 кило

1/8 финал - Нұрқожа Қайпанов (Қазақстан) – Карам Шахир Махмуд (Ирак) – 0:0
1/4 финал - Нұрқожа Қайпанов (Қазақстан) – Батыр Боржаков (Түркіменстан) – 11:0
1/2 финал - Нұрқожа Қайпанов (Қазақстан) – Алиакбар Емамишогаеи (Иран) – 12:2
Финал - Нұрқожа Қайпанов (Қазақстан) – Коджиро Шига (Жапония) – 9:0

79 кило

1/8 финал - Ғалымжан Өсербаев (Қазақстан) – Азамжон Юсупов (Тәжікстан) – 10:0
1/4 финал - Ғалымжан Өсербаев (Қазақстан) – Нодирбек Егамбердиев (Өзбекстан) – 8:0
1/2 финал - Парвен Рана (Үндістан) – Ғалымжан Өсербаев (Қазақстан) – 3:2
3-орын үшін - Ғалымжан Өсербаев (Қазақстан) – Юта Абе (Жапония) – 6:0

97 кило

1/4 финал - Әлішер Ерғали (Қазақстан) – Мин Во Сео (Корея) – 6:2
1/2 финал - Реза Әли Яздани (Иран) – Әлішер Ерғали (Қазақстан) – 9:3
3-орын үшін - Әлішер Ерғали (Қазақстан) – Магомед Мусаев (Қырғызстан) – 6:2