"Алматы марафоны" басталды

"Алматы марафоны" басталды
Фото: massaget.kz

Бүгін Алматы қаласында қайырымдылық марафоны басталды. Сегізінші рет ұйымдастырылып отырған ауқымды іс-шараға Қазақстанның түкпір-түкпірінен және шет елдерден 17 мыңға жуық адам қатысуда.

Марафон 3 шақырым, 10 шақырым, 21 шақырым, эстафеталық "экиден" және 42 шақырым 195 метрлік қашықтықта болып жатыр. Экиден сайысында қаладағы түрлі компаниялардан корпоративтік командалар сынға түседі.

Жарыстың абсолютті жеңімпаздары ақшалай сыйлықтарға ие болады. 

1 орын (42 км) - 400 мың теңге;
1 орын (21 км) - 250 мың теңге;
2 орын (42 км) - 300 мың теңге;
2 орын (21 км) - 150 мың теңге;
3 орын (42 км) - 250 мың теңге;
3 орын (21 км) - 120 мың теңге.

Марафоннан түскен қаржы қайырымдылық мақсатта жұмсалады. 

Айта кетейік, "Алматы марафоны" спорттық шарасына Мassaget.kz сайтының ұжымы да қатысуда.

Н. Үсенова