"Астана" Алматыда "Қайратты" ұтты

"Астана" Алматыда "Қайратты" ұтты
Фото: Астана ФК

Футболдан ел премьер-лигасының VI тур ойындары аяқталды. Назарларыңызға ойындардың нәтижелерін ұсынамыз.

Жанкүйерлер көптен күткен "Қайрат" пен "Астана" арасындағы ойында елордалық команда жеңіске жетті. Қонақтарға жеңіс сыйлаған голды 21 минутта Дориан Ротариу соқты.

Бір ойын артық өткізген "Астана" турнир кестесінде "Қайраттан" 7 ұпайға озды. Ал алматылық команда екінші ойын қатарынан жеңіліс тапты.

VI тур ойындары нәтижелері:

Қайсар - Ордабасы 0:0 (0:0)

Қайрат - Астана 0:1 (0:1)
Гол соққан: Ротариу Дорин 21 (0:1)

Тобыл - Жетісу 0:0 (0:0)

Атырау - Оқжетпес 1:2 (0:2)
Гол соққандар: Стоянович Милан 5 (0:1), Нөсербаев Танат 33 (0:2), Иванчич Йосип 65 (1:2)

Ертіс - Ақтөбе 0:1 (0:1)
Гол соққан: Айымбетов Абат 12 (0:1)

Тараз - Шахтёр 1:2 (1:2)
Гол соққандар: Барановский Артем 8 (0:1), Шахметов Марат 34 (0:2), Ньюадзи Серж 37 (1:2)
Алаңнан қуылды: Пикалкин Игорь 60 (екінші ескерту алып)

Н. Үсенова