Қазақстан құрамасы үстел теннисінен әлем чемпионатына қатысады

Қазақстан құрамасы үстел теннисінен әлем чемпионатына қатысады
Фото: inform.kz

21-28 сәуір аралығында Венгрия елінің Будапештте үстел теннисінен әлем чемпионаты өтеді. Төрткүл дүниенің кіл мықты спортшылары бақ сынайтын додаға Қазақстан құрамасы да қатысады.

Әлем чемпионатына барлығы 609 теннисші қатысады деп күтілуде. Жүлделер бес спорттық сайыс бойынша сарапқа салынады. Ерлер мен әйелдер арасындағы жекелей және жұптық сайыстар, сондай-ақ аралас командалық жарыс бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады.

Қазақстан құрамасы сапында 7 теннисші қатысады. Олар: Кирилл Герасименко, Денис Жолдуев, Тимур Келбұғанов, Бекұлан Жамал, Анастасия Лаврова, Зәуреш Ақашева және Гүлчехра Хусейнова

Қазақстан құрамасы әлем чемпионаты алдында Польша құрамасымен Гдансьск қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізуде.

Н. Үсенова