Чемпиондар лигасы. Әлемнің үздіктері Алматыда бас қосады

Чемпиондар лигасы. Әлемнің үздіктері Алматыда бас қосады
Фото: mini.football.by

Сәуір айының 26-28 күндері оңтүстік астанамызда футзалдан жылдың басты айқасы өтеді. "Алматы Арена" әлемнің төрт үздік командасының басын қоспақ. Атап айтар болсақ: Португалияның "Спортингі", Испанияның "Интері" мен "Барселонасы" және ел үмітін арқалап отырған "Қайрат" ұжымы.

Өз топтарынан үздік нәтиже көрсетіп, ақтық сынға жолдама алған бұл төрт команда УЕФА Чемпиондар лигасының кубогы үшін таласады. Алматы қаласы осымен үшінші рет Төрттік финалды өткізгелі отыр. 2011 және 2017 жылдары өткен дүбірлі додаға оңтүстік астанамыздың тұрғындары қызығушылық танытқан болатын. Енді, міне, байрақты бәсеке Алматыға қайта оралады.

"Қайрат" футзал клубы жартылай финалда Испанияның "Барселона" командасымен кездеседі. Екінші жұпта Португалияның "Спортингі" мен Испанияның "Интер" клубы ойнайды.

Жартылай финалдық ойындар 26 сәуір күні басталады. Финал мен 3-орынға арналған кездесу 28 сәуірде болады. 

26 сәуір (жұма)

«Спортинг» - «Интер». 18:45.

«Барселона» - «Қайрат». 21:30.

28 сәуір (жексенбі)

3 орын үшін ойын. 17:30.

Финал. 20:00.

Назарларыңызға Төрттік финалға жолдама алған төрт клубтың жетістіктерін ұсынамыз.

«Барселона» (Барселона, Испания)

«Барселонаның» футзал командасын құруға алғашқы әрекеттер 1976 жылы жасалды, сол кезде «блауграндардың» бұрынғы футболшылары жиналып, мини-футбол ережелеріне сай жолдастық матчтар ұйымдастырылған. Мұның бәрі клуб президенті Хосеп Луис Нуньестің ресми түрде футзал құрамасын құруына алып келді.

Халықаралық

Кубок иегерінің кубогы: 1989-90

УЕФА кубогы: 2011-12, 2013-14

Ұлттық

Испания чемпионы: 2010-11, 2011-12, 2012-13

Король кубогының иегерлері: 2010-11, 2011-12, 2012-13, 2013-14, 2017-18

Испания Суперкубогының иегерлері: 2013

Испания кубогының иегерлері: 1989, 2011, 2012, 2013, 2019

«Спортинг» (Португалия)

Аталмыш команда 1988 жылы құрылған. «Спортинг» Португалия футзалының бастау көзі саналады. Үлкен спорттық империя халықаралық ареналарда танылмаса да, өз елінде атаққа ие. Құрамында әлемніңең үздік ойыншысы Рикардиньо бар.

Халықаралық

Intercontinental Futsal Cup (үшінші орын): 2007

УЕФА кубогы (екінші орын): 2010–11, 2016–17, 2017–18

Masters Futsal Cup жеңімпазы: 2018

Ұлттық

Португалия чемпионы (жеңімпаз (15 мәрте – рекорд): 1990–91, 1992–93, 1993–94, 1994–95, 1998–99, 2000–01, 2003–04, 2005–06, 2009–10, 2010–11, 2012–13, 2013–14, 2015–16, 2016–17, 2017-18

Португалия кубогы (жеңімпаз): 2005–06, 2007–08, 2010–11, 2012–13, 2015–16, 2017–18

Лига кубогы (жеңімпаз): 2015–16, 2016–17

Суперкубок (жеңімпаз): 2001, 2004, 2008, 2010, 2013, 2014, 2017, 2018

«Интер Мовистар» (Алькала-де-Энарес, Испания)

«Интер» командасы 1977 жылы құрылды. Ол кезде «Ора XXV» деп аталды әрі Амансио (Реал Мадридтің аңызы, 1966 ж. Чемпиондар лигасының жеңімпазы), Адельардо немесе Лопес Уфарте секілді ойыншылармен қайырымдылық кездесулер өткізді. Айта кетерлігі, бұлардың барлығы даңқты кәсіпқой футболшылар, бәрі Испания ұлттық құрамасында ойнаған.

Халықаралық

УЕФА кубогының жеңімпазы: 2003/04, 2005/06, 2008/09, 2016/17, 2017/2018

Еуропа чемпиондары турнирінің жеңімпазы: 1991

Кубок жеңімпаздары кубогының иегері: 2007-08

Интерконтиненталды кубогының жеңімпазы: 2005, 2006, 2007, 2008, 2011

Ұлттық

Испания чемпионы (22 мәрте – рекорд): 1979-80, 1980-81, 1981-82, 1983-84, 1984-85, 1985-86, 1986-87,1987-88, 1988-89, 1989-90, 1990-91, 1995-96, 2001-02, 2002-03, 2003-04, 2004-05, 2007-08, 2013-14, 2014-15, 2015-16, 2016-17, 2017-18

Испания кубогының жеңімпазы (13): 1984, 1986, 1988, 1990, 1996, 2001, 2004, 2005, 2007, 2009, 2014, 2016, 2017

Испания Суперкубогының жеңімпазы (11): 1990, 1991, 1996, 2001, 2002, 2003, 2005, 2007, 2008, 2011, 2015

«Қайрат» (Алматы, Қазақстан)

«Қайрат» – Төрттік финалға қатысқалы отырған командалардың ішіндегі ең «жас» команда. Клубтың іргесі 1995 жылы қаланды. Алғашқы атауы «Кайнур» болатын. Қазіргі таңдағы Қазақстанның ең үздік футзал клубы.

Бұған дейін 2013 және 2015 жылдары екі мәрте Төрттік финалда үздік болған "Қайрат" командасы жанкүйерлерінің алдында үшінші рет "кәрі құрлықта" қарсылас шақ келтірмей, жеңіс тұғырынан көрінуі тиіс.

Ұлттық

Қазақстан чемпионы: 1995/96, 2003/04, 2004/05, 2005/06, 2006/07, 2007/08, 2008/09, 2009/10, 2010/11, 2011/12, 2012/13, 2013/14, 2014/15, 2015/16, 2016/17, 2017/18, 2018/19

Қазақстан кубогының жеңімпазы: 1999, 2000, 2004, 2005, 2006, 2007, 2008, 2009, 2012, 2013, 2014, 2015, 2016, 2017

Қазақстан Суперкубогының жеңімпазы: 2012, 2013, 2014, 2018

Халықаралық

УЕФА кубогының жеңімпазы: 2012/13, 2014/2015

Әлем Суперкубогының жеңімпазы: 2014

Еременко кубогы жеңімпазы: 2014, 2016, 2017, 2018

Айта кетейік, футзалдан 2001/2002 жылдар маусымынан бері өткізіліп келе жатқан UEFA кубогы додасы биылдан бастап Чемпиондар лигасы болып атауы мен мәртебесін өзгерткен. Әрі қатысушы командалар саны да артты.

А. Рысдәулет