Дзюдодан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатына қатысады

Дзюдодан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатына қатысады
Фото: olympic.kz

20-23 сәуір күндері Фуджейра қаласында дзюдодан Азия чемпионаты өтеді. Құрлықтық біріншілікке 39 елден 300-ге жуық дзюдошы қатысады деп жоспарланған, - деп хабарлайды ҚР дзюдо федерациясы.

Қазақстан ұлттық құрама командасы сары құрлықтың басты додасына толық құраммен қатысады. Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері, жуырда ғана Анталияда өткен Гран-При кезеңінде топ жарған Елдос Сметов қана тізімге енбеген. 60 кг салмақта Ғұсман Қырғызбаев бақ сынайды.

Ерлер:

Ғұсман Қырғызбаев (-60 кг)
Ерлан Серікжанов (-66 кг)
Елдос Жұмақанов (-66 кг)
Ақылбек Серік (-73 кг)
Дидар Хамза (-81 кг)
Руслан Мұсаев (-81 кг)
Ислам Бозбаев (-90 кг)
Айбек Серікбаев (-100 кг)
Ерасыл Қажыбаев (+100 кг)

Әйелдер:

Галбадрах Отгонцэцэг (-48 кг)
Ақмарал Науатбек (-48 кг)
Анна Казюлина (-52 кг)
Севара Нышанбаева (-57 кг)
Ақниет Тұрдан (-63 кг)
Иоланта Бердібекова (-63 кг)
Мөлдір Нарынова (-70 кг)
Зарина Райфова (-78 кг)
Гүлжан Исанова (+78) кг

Ө. Сансызбай