Жәнібек Әлімханұлы салмақ өлшеуден сәтті өтті

Жәнібек Әлімханұлы салмақ өлшеуден сәтті өтті

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті.

- Өзімнің бокс тарихымда 160 фунтта салмаққа бірінші рет түстім. Еш қиналмадық. Денсаулық та көңіл күй де тамаша. Бұл менің салмағым! Бұйыртса ертең жекпе-жек. Сақадай саймыз!, - деп жазды боксшы Instagram желісіндегі парақшасында.

Салмақ өлшеуден екі боксшы да сәтті өтті. Жәнібек қарсыласынан ауырлау шықты. Салмағы тура 160 фунт (72,5 кг) болса, қарсыласының салмағы 159,2 фунт (72,2 кг) болып шықты.

Екі боксшы арасындағы жекпе-жек елорда уақытымен 13 сәуір күнгі таңғы сағат 07:00-ге сәйкес келеді. QazSport және Qazaqstan арналары тікелей эфирде көрсетеді.

Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокстағы алтыншы жекпе-жегінде 2 бірдей белбеу үшін жұдырықтасады. Жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған. Қарсыласы кәсіпқой бокста 20 жекпе-жек өткізіп, оның 16-ын жеңген.

Қазақстандық боксшы шаршы ааңға шығатын бокс кеші Лос-Анджелестегі (АҚШ, Калифорния штаты) Staples Center аренасында өтеді. Басты жекпе-жекте жеңіл салмақта WBA (Super) және WBO чемпиондық белбеуі иегері украиналық Василий Ломаченко (12-1, 9 КО) мен британдық Энтонои Кролл (34-6-3, 13 КО) жұдырықтасады.

Жәнібек Әлімханұлы АҚШ-та үш жекпе-жек өткізді. Оған дейін елімізде екі кездесу өткізген. Барлық жекпе-жектерінде қарсыластарын айқын жеңіп келеді.

Әуесқой бокста Азия және Азия ойындарының жеңімпазы. 2013 жылы Алматыда өткен әлем чемпионатында топ жарды. Олимпиада ойындарының қатысушысы.


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар

Марсель – Жан ана
Бүгін үш ойын өтеді