Суперкомпьютер Чемпиондар Лигасының жеңімпазын болжады

Суперкомпьютер Чемпиондар Лигасының жеңімпазын болжады
Фото: YouTube

Ағылшын сайты talkSPORT суперкомпьютері Чемпиондар Лигасының жеңімпазын болжады. Компьютер ойынның жартылай финалында “Ювентус“, “Ливерпуль”, “Манчестер Сити” және “Барселона” шығатынын есептеп шыққан. Компьютердің есептеуінше, финалда “Ювентус” пен “Барселона” кездеседі де, жеңіс туриндіктерге бұйырады екен.

Егер компьютердің болжамы дұрыс шықса туриндіктер сапындағы Криштиану Роналду Чемпионлар лигасын қатарынан 4 рет жеңіп алған алғашқы футболшыға айналады. Португалиялық футболшы осыған дейінгі 3 маусымда “Реал-мен” бірге чемпион атанған еді.

Суперкомпьютердің болжамы:

1/4 финал
“Аякс” – “Ювентус” 1:1, “Ювентус” – “Аякс” 2:0
“Ливерпуль” – “Порту” 3:0, “Порту” – “Ливерпуль” 1:2
“Тоттенхэм” – “Манчестер Сити” 1:1, “Манчестер Сити” – “Тоттенхэм” 3:1
“Манчестер Юнайтед” – “Барселона” 1:2, “Барселона” – “Манчестер Юнайтед” 2:1

1/2 финал

“Манчестер Сити” – “Ювентус” 1:1, “Ювентус” – “Манчестер Сити” 2:1
“Барселона” – “Ливерпуль” 2:1, “Ливерпуль” – “Барселона” 2:2

Финал

“Ювентус” – “Барселона” 2:1

Айта кетейік, аталған ойынның финалы 1 маусым күні Мадридтегі “Метрополитано” стадионында өтеді.

Т. Раушанұлы