"Ордабасы" Еуропа лигасындағы ойындарын Алматыда өткізеді

"Ордабасы" Еуропа лигасындағы ойындарын Алматыда өткізеді
Фото: Kursiv.kz

Шымкенттің "Ордабасы" футбол клубы Еуропа лигасы іріктеу кезеңіндегі ойындарын Алматыда өткізеді, - деп хабарлайды Vesti.kz сайты.

Жақын күндері Шымкенттегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионға күрделі жөндеу басталады. Құрылыс жұмыстары жарты жылға созылады. Бұл уақыт аралығында "Ордабасы" премьер-лигадағы ойындарын БИИК стадионында өткізеді.

Шымкенттік клубтың стадионы халықаралық талаптарға сай емес. 2012 жылғы маусымда да өз алаңындағы ойындарын Алматының орталық стадионында өткізген болатын. Қажымұқан Мұнайтпасұлы атындағы стадион жөндеуден кейін халықаралық талаптарға сай болмақ.

Ордабасы биылғы Еуропа лигасына іріктеуді бірінші кезеңнен бастайды. Алғашқы ойын11 шілдеге, қарымта кездесу араға бір апта салып өтеді.

Айта кетейік, Алматының орталық стадионында "Қайрат" командасы да Еуропа лигасындағы ойындарын өткізеді.

Ө. Сансызбай