Қазақстандық танымал дзюдошылар Анталия Гран-Приіне қатысады

О Сансызбай Корреспондент
Қазақстандық танымал дзюдошылар Анталия Гран-Приіне қатысады
Фото ©️ IJF

5-7 сәуір күндері Түркияның Анталия қаласында дзюдодан кезекті Гран-При турнирі өтеді. Әлемнің 78 елінен 533 дзюдошы қатысатын додаға ел құрамасы сапында 13 дзюдошы бақ сынайды.

БӨЛІСУ

Қазақстан құрамасы сапында Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Елдос Сметов та бар. Ол Екатеринбургтегі Гран-При турниріне қатыспақ болып, кейіннен жарақатына байланысты татамиге шықпаған еді. 

Сондай-ақ ұлттық құрама сапында Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Галбадрах Отгонцэцэг те бақ сынайды. 

Ерлер:

Елдос Сметов (-60 кг)
Дәурен Сүйеукенов (-60 кг)
Әбілхайыр Мәуленин (-66 кг)
Сұңғат Жұбатқан (-66 кг)
Аңсарбек Ғайнуллин (-73 кг)
Жанболат Бағытбергенов (-73 кг)
Руслан Мұсаев (-81 кг)
Дидар Хамза (-81 кг)
Ерсұлтан Мұзаппаров (-90 кг)
Рега Палкин (-90 кг)
Әділхан Қозыбаев (-100 кг)
Жамбыл Тұрғыналиев (+100 кг)

Әйелдер:

Отгонцэцэцг Галбадрах (-48 кг)