"Сарыарқа" Жоғарғы хоккей лигасының плей-офф финалына шықты

"Сарыарқа" Жоғарғы хоккей лигасының плей-офф финалына шықты
Фото: vhlru.ru

"Сарыарқа" хоккей клубы Жоғарғы хоккей лигасының (ЖХЛ) плей-офф финалына шықты. Жартылай финалда қазақстандық клуб Санкт-Петербургтің "СКА-Нева" командасын жарыс жолынан шығарды.

Қарағандыда өткен төртінші ойында "Сарыарқа" ресейлік команданы 4:2 есебімен ұтты. Ал осыған дейінгі ойындар қорытындысы бойынша төртінші рет қатарынан жеңіске жетіп, финал жолдамасын еншіледі. "СКА-Неваға" бірде-бір ойында жеңілген жоқ.

Төртінші ойын шешуші маңызға ие еді. "Сарыарқа" өз мүмкіндіктерін ұтымды пайдаланды. Бірінші кезеңде Айрат Зиазов соққан шайба нәтижесінде есепте алға шықты. Екінші кезеңде Олег Ломако қонақтар қақпасына екінші шайбаны соқты. Дегенмен қонақтар үшінші кезеңге дейін есепті теңестіріп үлгерді.

Үшінші кезеңде "Сарыарқа" "СКА-Нева" қақпасына тағы екі шайба соғып, ойынды овертаймға дейін созбады. Максим Кицын мен Павел Махановский соққан шайбалар қарағандылық клубты финалға алып шықты.

Финалда қазақстандық команда "Торос" (Башқұртстан) - "Рубин" (Түмен) клубтары арасындағы ойынның жеңімпазымен кездеседі.

Айта кетейік, "Сарыарқа" биылғы маусымда Жоғарғы хоккей лигасы (ЖХЛ) жарысында 10-орын алған болатын.  

Ө. Сансызбай