Алматыдағы аламан. Аралас жекпе-жектен М-1 Challenge 101 турнирі қалай өтті?

Алматыдағы аламан. Аралас жекпе-жектен М-1 Challenge 101 турнирі қалай өтті?
Фото: vesti.kz

30 наурыз күні Алматыда қазақстандық ММА-дағы M-1 Challenge 101 #СенiӊЖаңаҚырыӊ(#SenińJanaQyryń) аралас жекпе-жектің халықаралық турнирі өтті. Онда 12 қызықты жекпе-жек өткізілді, - деп хабарлайды жарысты ұйымдастырушылар.

Іс-шараны M-1 халықаралық компаниясы, Қазақстанның Жауынгерлік Өнер Ассоциациясы және Қазақстан ММА Біріккен Федерацияларының Ассоциациясы ұйымдастырды.

"Халық Арена" спорт кешенінде өткен турнирде барлығы 12 жекпе-жек өтті. Оның тек екеуінде ғана жеңімпаз төрешілер шешімі бойынша анықталды. Өзге жекпе-жектер уақытынан бұрын аяқталды. Қазақстандық бес спортшы да қарсыластарын айқын ұтып шықты.

Турнирді Қазақстан, Грузия және Франция елінің аралас жекпе-жек шеберлері ашты. Алғашқы жекпе-жек 53-ші секундта аяқталып, қазақстандық спортшы Абылайхан Қадыржан жеңіске жетті. Екінші пре-андеркардтағы жекпе-жекте Асу Алмабаев француз Пьер Людегені қылқындыру әдісімен жеңді.

Алдыңғы кардта (андеркардта) Украина, Ресей, АҚШ, Қазақстан, Канада, Әзірбайжан және Бразилиядан келген жауынгерлер 5 жекпе-жек өткізді. 84 келі салмақта украиндық Вадим Шабадаш ресейлік Иван Богдановты жеңсе, 70,3 келі салмақта қазақстандық Азамат Бақытов ресейлік Борис Медведевті жеңді.

63 келі салмақ дәрежесінде АҚШ спортшысы Джордж Гарсия украин  Юрий Чобукадан басым болды. Таннер Боссер (Канада) және Заур Гаджибабаев (Әзірбайжан) арасындағы жекпе-жек тең аяқталды. Турнирдің орта бөлігін Жан Петрик (Бразилия) Денис Тюлюлинге (Ресей) қарсы шығып, бразилиялық спортшы жеңіп шықты.

Негізгі кардта (мейнкардта) үш жекпе-жек өтті. Ингушетиядан келген екі жауынгер Франциядан келген қарсыластарымен кездесті. Екі жекпе-жекте де француз спортшылар жеңіске жетті. Халықтың сүйіктісі Арман Әшімов бразилиялық Кайк Аленкармен шайқасында Қазақстанға тағы бір жеңісін әкеліп, бүкіл жанкүйерлерін қуантты.

Жартылай ауыр салмақтағы әлем чемпионы белбеуі үшін турнирдің негізгі күресінде Рафал Киячук (Польша) қазіргі М-1 чемпионы Хадис Ибрахимовпен (Ресей) шайқасты. Хадис 1 раундтың 3-ші минутында жекпе-жекті күшті соққылармен алдын-ала аяқтап, жеңіске жетті және чемпион мәртебесін растады.

Басты жекпе-жекте Шавкат Рахмонов пен Данила Приказа шайқасты. Жартылай орта салмақтағы турнирдің ең маңызды кездесуі Шавқаттың айқын басымдық жеңісімен аяқталды. Ол өз қарсыласын Даниланы бірнеше күшті соққыларымен сұлаттты. Қазақстандық спортшының әдемі жеңісі бүкіл залды қуандырды және осы M-1 Challenge 101 жарысын аяқтады.

Шавкат Рахмонов пен Хадис Ибрагимов - М-1 чемпиондары және Қазақстанның ММА-дағы M-1 Challenge 101 #СенiңЖаңаҚырың халықаралық турнирінің жарқын жұлдыздары!

Қазақстанның барлық спортшылары - жауынгерлік өнердің ең беделді, атақты абсолюттік жекпе-жектерінде (ММА жекпе-жектерінде) өз елін даңқын көкке көтеруге тамаша мүмкіндігі бар. Осы жолында, Қазақстан нақты қадамдарын жасап, алғашқы табыстарына жетті.

Н. Үсенова