Ибрагимович Швецияның 2012 жылғы ең үздік аяқдопшысы атанды

Ибрагимович Швецияның 2012 жылғы ең үздік аяқдопшысы атанды

Француздық «ПСЖ» командасының шабуылшысы Златан Ибрагимович Швеция елінің 2012 жылғы ең үздік футболшысы атанды. Бұл атақты осымен Ибрагимович жетінші рет жеңіп алды. Стокгольмда өткен марапаттау рәсімінде Златан Ибрагимович ең үздік футболшы деген атақпен қоса, ең үздік гол және ең үздік шабуылшы деген номинация бойынша марапатталды.

Айта кетейік, ол қараша айында «голден фут» жүлдесін ұтып алған болатын. Златан Ибрагимович осы маусымда он кездесуде 10 голдың авторы атанған. 

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: dnevnik.se

Ю. НИКУЛЛИН