Азия чемпионатына үздік боксшыларымыз бара ма?

Айбар Рысдәулет Корреспондент
Азия чемпионатына үздік боксшыларымыз бара ма?

Сәуірде Таиланд елінде бокстан Азия чемпионатының жалауы желбірейді.

БӨЛІСУ

Байрақты бәсекеге Қазақстан құрамасы ең мықты 10 боксшысымен барады. Одан кейін ірі турнирлерде 8 салмақ дәрежесінде жүлде сарапқа салынатын болады.

Теміртас Жүсіпов (49 келіге дейін)

Анвар Мұзаппаров (52 келіге дейін)

Қайрат Ералиев (56 келіге дейін)

Закир Сафиуллин (келіге дейін)

Санатәлі Толтаев (64 келіге дейін)

Абылайхан Жүсіпов (69 келіге дейін)

Әбілхан Аманқұл (75 келіге дейін)

Бек Нұрмағанбет (81 келіге дейін)

Василий Левит (91 келіге дейін)

Қамшыбек Қоңқабаев (91 келіден жоғары)

Жоғарыдағы аты аталған боксшылар Ақтауда өткен ел біріншілігінің жеңімпаздары. Сондай-ақ, Азия чемпионатының жүлдесіне үміткерлер.

31 жастағы Василий Левит төрт дүркін Азия чемпионы атануға мүмкіндігі бар. Ал Теміртас Жүсіпов бір рет Азия құрлығының үздігі атанып үлгерген. Сондай-ақ, Қайрат Ералиев, Закир Сафиуллин, Абылайхан Жүсіпов, Әбілхан Аманқұл және Қамшыбек Қоңқабаев Азия біріншілігінің жүлдесін жеңіп алған. Ал 19 жасар Санатәлі Толтаев пен 21 жасар Бек Нұрмағанбет алғаш рет мұндай ірі турнирде бақ сынамақ.