AVANGAR әлем рейтингінде төмендеді

Айбар Рысдәулет Корреспондент
AVANGAR әлем рейтингінде төмендеді
Фото ©️ hltv.org

CS:GO ойынынан HLTV әлемдік рейтингі жаңарды. Қазақстандық AVANGAR киберспорт ұжымы үздік 15 команданың қатарындағы орнын сақтап қалды.

БӨЛІСУ

Алғашқы үштікте өзгеріс болды. Көш басында 1000 ұпай жинаған Astralis жайғасса, Team Liquid екінші сатыда қалды. Ал ENCE командасы бір сатыға көтеріліп, Na`Vi ұжымын үздіктер қатарынан шығарып тастады. Ал қазақстандық AVANGAR командасы 116 ұпаймен бір сатыға төмен сырғып, 14-орынға тұрақтады. 

Бұған дейін AVANGAR Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтетін DreamHack Rio de Janeiro 2019 турниріне шақырту алған болатын. Counter-Strike: Global Offensive (CS:GO) ойыны бойынша өтетін халықаралық турнирге қазақстандық AVANGAR ұжымынан бөлек Luminosity Gaming, FURIA eSports және Sharks Esports командалары шақыртылған. Тағы екі команда Оңтүстік және Солтүстік Американың іріктеуінен кейін белгілі болады. Сәуір айының 19-21 күндері аралығында өтетін DreamHack Rio de Janeiro 2019 турнирінің жүлде қоры $100 000 құрайды.

AVANGAR - 2016 жылы Қазақстанда құрылған бұл ұйымда танымал Counter-Strike:Global Offensive және PlayerUnknown's Battleground ойындарынан сынға түсетін командалар бар. CS:GO ойыны бойынша командада төрт қазақстандық ойыншы өнер көрсетеді. Атап айтқанда: Тимур Төлепов, Айдын Тұрлыбеков, Алексей Голубев және Бектияр Бақытов. Ал команданың капитаны - ресейлік ойыншы Али Джами.