Футболдан ҚР Кубогының жеребесі тартылды

Футболдан ҚР Кубогының жеребесі тартылды
Фото: Kazfootball

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының кеңсесінде ел кубогының жеребесі тартылып, 1/8 финалда бір-біріне қарсылас атанған клубтар белгілі болды.

1/8 айналымға премьер-лиганың 12 клубы мен іріктеу кезеңін сәтті өткізген "Алтай", "Академия Оңтүстік", "Ақсу" және "Каспий" командалары қатысады.

Жеребе қорытындысы:

"Каспий" - "Қайрат"
"Алтай" - "Астана"
"Тараз" - "Шахтер"
"Академия Оңтүстік" - "Қайсар"
"Ақтөбе" - "Ертіс"
"Оқжетпес" - "Ордабасы"
"Атырау" - "Жетісу"
"Ақсу" - "Тобыл"

1/8 финалдағы ойындар 10 сәуір күні өтеді. Ширек финалға шыққан клубтар бір ойын қорытындысы бойынша анықталады. Негізгі уақытта жеңімпаз анықталмаса, онда 2 қосымша тайм (15 минуттан) беріледі. Бұл кезеңде де командалар тең түссе, пенальти сериясы белгіленеді.

Ө. Сансызбай