Қазақ боксшылары Баку шаршы алаңында бақ сынайды

Қазақ боксшылары Баку шаршы алаңында бақ сынайды
Фото: olympic.kz

Бүгін Әзербайжан елінің астанасы Бакуде бокстан "Жібек жолы" халықаралық турнирі басталады. Бұл жарыста қазақ боксшылары да бақ сынайды.

2 сәуірге дейін жалғасатын жарысқа Қазақстан құрамасы да қатысады. Жаттықтырушылар 1 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль еншілеп қайтуды жоспарлап отыр. Команданы турнирге Андрей Спиридонов бастап кетті.

Айта кетейік, ақпан айында бокстан ұлттық құраманың негізі құрамы Болгария елінің астанасы Софияда өткен "Странджа" халықаралық турниріне қатысқан болатын. Өкінішке қарай, финалға шыққан қазақстандық бес боксшы да жеңімпаз атана алмаған. Хельсинкиде де қазақ боксшыларына алтын бұйырмаған еді. Бакуде қазақ боксшылары барын салады деп сенеміз!

Ө. Сансызбай