Марина Вольнова жүлдесіне арналған жарыс жеңімпаздары анықталды

Марина Вольнова жүлдесіне арналған жарыс жеңімпаздары анықталды
Фото: kfb.kz

Астанада танымал боксшы Марина Вольнованың жүлдесі үшін ұйымдастырылған халықаралық турнир өз мәресіне жетті. Бұрымды арулар бәсекесінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды.

Жарысқа Қазақстан, Ресей, Украина, Моңғолия және Өзбекстаннан жалпы есебі 88 боксшы қыз қатысты. 

- Біздің қазіргі мақсатымыз - боксшы қыздарды бабында ұстау. Бұл турнир алдағы Азия чемпионатына, әлем чемпионатына дайындықтың бастамасы. Турнирде Моңғолия құрамасының боксшы қыздары жақсы қырынан көрінді. 54 кг салмақта әлем чемпионатының жүлдегерін ала келді. Украина 64 кг салмақта бірінші нөмірлі боксшы Мария Бованы шаршы алаңға шығарды. Мұның бәрі турнир беделін арттыра түсері сөзсіз. Біздің командаға 2000 жылдары туған жаңа буын қосылды. Олар үшін мұндай жарыстар зор тәжірибе алаңы, - деді Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Вадим Присяжнюк.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері

48 кг

1. Алуа Балқыбаева (Қазақстан)
2. Айгерім Қасенаева (Қазақстан)
3. Фортимазан Тұрсынбекова (Өзбекстан), Мунгусаран Байсан (Моңғолия)

51 кг

1. Назым Қызайбай (Қазақстан)
2. Татьяна Коб (Украина)
3. Мухцинкцин Эчхергал (Моңғолия), Жайна Шекербекова (Қазақстан)

54 кг

1. Ивана Крупеня (Украина)
2. Дина Жоламан (Қазақстан)
3. Айгерім Ошақбай (Қазақстан), Балауса Мұздиман (Қазақстан)

57 кг

1. Сәния Сұлтанқызы (Қазақстан)
2. Дәметкен Кгмбет (Қазақстан)
3. Юлия Цыплакова (Украина), Владислава Кухта (Қазақстан)

60 кг

1. Римма Волосенко (Қазақстан)
2. Карина Ибрагимова (Қазақстан)
3. Намун Монхор (Моңғолия), Сандуғаш Әбілхан (Қазақстан)

64 кг

1. Мария Бова (Украина)
2. Милана Сафронова (Қазақстан)
3. Шминцкцинцин Уранбилик (Моңғолия), Мафтунохон Милейева (Өзбекстан)

69 кг

1. Баян Ақбаева (Қазақстан)
2. Анна Лысенко (Украина)
3. Ақерке Бақытжан (Қазақстан), Алма Аманқұл (Қазақстан)

75 кг

1. Надежда Рябец (Қазақстан)
2. Аида Оңдаш (Қазақстан)
3. Гузаль Садықова (Қазақстан), Арайлым Бекділдә (Қазақстан)

81 кг

1. Фариза Шолтай (Қазақстан)
2. Мөлдір Базарбаева (Қазақстан)
3. Алтын Мұқышбекова (Қазақстан), Таңшолпан Алиева (Қазақстан)

+81 кг

1. Ләззат Күнгейбаева (Қазақстан)
2. Умида Садықова (Қазақстан)
3. Дина Исламбекова (Қазақстан), Мөлдір Раушанбек (Қазақстан)

Ө. Сансызбай