Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы алтыншы жеңісіне қол жеткізді

Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы алтыншы жеңісіне қол жеткізді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов мексикалық Сильверио Ортисті ұтып, жеңісті жолын жалғады.

Екі боксшы жартылай орта салмақ дәрежесінде жұдырықтасты. 8 раундқа жоспарланған жекпе-жек соңына дейін жалғасты. Отандасымыз төрешілер шешімі бойынша 79-70, 79-71, 79-71 есебімен жеңіске жетті.

Данияр тәжірибелі мексикалық боксшыны жетінші раундта нокдаунға түсірді. Алайда қарсыласы тізерлегеннен кейін соққы жасағаны үшін ескерту алып, бір ұпайынан айырылды. Төреші мексикалық боксшы өз-өзіне келу үшін уақытты созып, жекпе-жекті жалғастыртты.

Қазақстандық боксшы кәсіпқой шаршы алаңдағы ең ұзаққа созылған кездесуін өткізді. Осыған дейін никарагуалық Маркос Мохиямен өткізген жекпе-жегі де сегіз раундқа белгіленген еді. Бұл жекпе-жекте отандасымыз қарсыласын үшінші раундта нокаутпен жеңіп шыққан болатын.

Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы алтыншы жеңісіне қол жеткізді. Үш жекпе-жегінде қарсыласын нокаутпен ұтты. Ал Сильверио Ортиспен осы жылғы алғашқы кездесуін өткізді.


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар