Чемпиондар лигасы. "Барселона" мен "МЮ" ширек финалда кездеседі

Чемпиондар лигасы. "Барселона" мен "МЮ" ширек финалда кездеседі
Фото: uefa.com

Футболдан Чемпиондар лигасының ширек финалында бір-бірімен кездесетін командалар белгілі болды. Дүбірлі доп додасының жеребе тастау рәсімі Швейцарияның Ньон қаласында өтті.

Салтанатты шараның жеребе тастау рәсіміне бразилиялық қақпашы Жулио Сезар қатысты. Жеребе нәтижесі төмендегідей:

"Аякс" (Нидерланд) - "Ювентус" (Италия)
"Ливерпуль" (Англия) - "Порту" (Португалия)
"Тоттенхэм" (Англия) - "Манчестер Сити" (Англия)
"Барселона" (Испания) - "Манчестер Юнайтед" (Англия). 

Ширек финалдан өзге жартылай финалда қай командалар ойнайтыны да анықталды. 1/2 финалда "Барселона" - "Манчестер Юнайтед" жұбының жеңімпазы "Ливерпуль" - "Порту" командаларының ұтқанымен, "Аякс" - "Ювентус" командаларының ұтқаны "Тоттенхэм" - "Манчестер Сити" командалары жеңімпазымен кездеседі. 

1/4 финалдың бірінші ойындары 9-10 сәуір күндері өтеді. Қарымта ойындары араға бір апта салып жалғасады. Соңғы рет Чемпиондар лигасын 3 жыл қатарынан Мадридтің "Реалы" ұтты. Алайда осы маусымда "корольдік клуб" қарымта ойында "Аякстан" ұтылып, жарысты аяқтады.

2018/2019 жылғы маусымдағы Чемпиондар лигасының финалы 1 маусым күні Мадридтегі "Метрополитано" стадионында өтеді. 

Ө. Сансызбай