"Барыс" бірінші ойында "Авангардтан" ұтылып қалды

"Барыс" бірінші ойында "Авангардтан" ұтылып қалды

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) бақ сынайтын "Барыс" Шығыс конференцияның жартылай финалындағы бірінші ойында "Авангардтан" айласын асыра алмады. Астанада өткен бірінші ойында қонақтар жеңіске жетті.

Ойында омбылық команда 1:3 есебімен басым түсті. Қонақтар бірінші кезеңнен бастап-ақ есепте алға шықты. Кирил Петров пен Илья Михеев бағыттаған шайбалар Хенрик Карлссон қорғаған "Барыс" қақпасынан табылды.

Екінші кезеңде елордалық команда ширақ ойнады. Бірақ нәтижені қысқарта алған жоқ. Үшінші кезең басында Андре Петерссон соққан шайбадан кейін "Барыстың" шабуылы артқан. Алайда ойын соңында алтыншы хоккейшіні мұз айдынға шығарған Андрей Скабелканың ойын жүйесі оң нәтижесін бермеді. 59 минутта Сергей Широков ашық қақпаны дәл көздеді.

Төрт жеңіске дейін жалғасатын ойында "Авангард" алға озды. Екі команда арасындағы екінші ойын 16 наурыз күні Астанада өтеді. Одан кейінгі екі ойын Балашихада болады.


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар