AVANGAR әлем рейтингіндегі орнын сақтап қалды

AVANGAR әлем рейтингіндегі орнын сақтап қалды

CS:GO ойынынан HLTV әлемдік рейтингі жаңарды. Қазақстандық AVANGAR киберспорт командасы үздік 15 команданың қатарында.

Алғашқы үштікте өзгерістер болған жоқ: Astralis, Team Liquid және Natus Vincere үздіктер қатарында. HellRaisers алғашқы 20-тан шығып қалса, оның орнына бразилиялық FURIA командасы көтерілді. Ал AVANGAR-дың рейтингінде орны өзгерген жоқ. Қазақстандық ұжым 169 ұпаймен 13-орынға жайғасқан. 

Айта кетейік, AVANGAR  Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтетін DreamHack Rio de Janeiro 2019 турниріне шақырту алған болатын. Counter-Strike: Global Offensive (CS:GO) ойыны бойынша өтетін халықаралық турнирге қазақстандық AVANGAR ұжымынан бөлек Luminosity Gaming, FURIA eSports және Sharks Esports командалары шақыртылған. Тағы екі команда Оңтүстік және Солтүстік Американың іріктеуінен кейін белгілі болады. Сәуір айының 19-21 күндері аралығында өтетін DreamHack Rio de Janeiro 2019 турнирінің жүлде қоры $100 000 құрайды.

Бұған дейін AVANGAR командасы жүлде қоры 1 миллион АҚШ долларын құрайтын Katowice Major халықаралық турнирінің плей-офф кезеңіне бір қадам жерден тоқтаған болатын

AVANGAR - 2016 жылы Қазақстанда құрылған бұл ұйымда танымал Counter-Strike:Global Offensive және PlayerUnknown's Battleground ойындарынан сынға түсетін командалар бар. CS:GO ойыны бойынша командада төрт қазақстандық ойыншы өнер көрсетеді. Атап айтқанда: Тимур Төлепов, Айдын Тұрлыбеков, Алексей Голубев және Бектияр Бақытов. Ал команданың капитаны - ресейлік ойыншы Али Джами.


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар